2023-2024 оқу жылына Қамқоршылық Кеңесінің құрамына азаматтарды қабылдау туралы хабарландыру.

Қамқоршылық Кеңесінің құрамына азаматтарды қабылдау туралы хабарландыру.

    ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына сәйкес, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес  Ерейментау қаласының "№3 жалпы білім беретін мектебі " КММ  2023-2024 оқу жылына Қамқоршылық Кеңесінің құрамына азаматтарды қабылдау туралы хабарлайды.
    Қамқоршылық кеңестің құрамына  кіре алады:
 - жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;
 - жергілікті, өкілетті, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
 - коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері;
 - ата-аналар комитеті ұсынған сыныптардың әр параллелінен осы білім беру ұйымында білім алушылардың ата-     аналары мен заңды өкілдері;
 - қайырымдылық жасаушылар; 
    ҚК рұқсат беру негізі:
 - сотталмауы туралы анықтама
Құжаттар  жарияланған күннен бастап 15 күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Ерейментау қаласы, Казахская көшесі 8/1.